
- Пациент диагнозды растау үшін қажетті тексерулерден өтеді.
- Диспансерлік есепке қойылып, учаскелік немесе бейінді дәрігердің бақылауында болады.
- Дәрігер рецепт жазады. Сол рецептпен пациент өзі тіркелген емхананың дәріханасына жүгінеді. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет.
Егер препарат ұзақ уақыт болмаса, сіз 1439 нөмірі бойынша «СК-Фармацияға» жүгіне аласыз.
Егер мәселе дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмесе, онда әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына eotinish платформасы, @saqtandyrybot Telegram-боты, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасында немесе сайтта жүгінуге болады msqory.kz.