-
Қолжетімділік-азаматтарға ТМККК шеңберінде, сондай-ақ «медициналық қызметтерді тұтынушы» (сақтандырылған) мәртебесі бар адамдар үшін МӘМС жүйесінде медициналық көмекке тең қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
-
Ортақ жауапкершілік — МӘМС жүйесін қаржыландыру мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың аударымдары мен жарналары есебінен жүзеге асырылады.
-
Әлеуметтік бағдарлану-мемлекет МӘМС жүйесінде медициналық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, халықтың жеңілдетілген санаттары үшін жарналар төлейді.
-
Қор қызметінің жариялылығы — Қор Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен МӘМС қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы ақпаратты орналастыруды қоса алғанда, өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді.