Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының "Созақ аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Ресми сайт

Айырмашылықтары

ТМККК

  1. МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, босқындарға, шетелдіктерге және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға қолжетімді.
  2. Оған жедел медициналық көмек, Алғашқы медициналық-санитарлық көмек, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезіндегі медициналық көмек, сондай-ақ профилактикалық іс-шаралардың жекелеген түрлері кіреді.
  3. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.

МӘМС

  1. МӘМС жүйесінде «медициналық қызметтерді тұтынушы» (сақтандырылған) мәртебесі бар адамдарға қолжетімді.
  2. Консультациялық-диагностикалық көмекті, мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекті, жоспарлы стационарлық көмекті, медициналық оңалтуды, сондай-ақ жекелеген аурулар бойынша дәрілік қамтамасыз етуді қамтиды.
  3. Мемлекет, жұмыс берушілер мен азаматтардың аударымдары мен жарналары есебінен қаржыландырылады.