ТМККК
- МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, босқындарға, шетелдіктерге және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға қолжетімді.
- Оған жедел медициналық көмек, Алғашқы медициналық-санитарлық көмек, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезіндегі медициналық көмек, сондай-ақ профилактикалық іс-шаралардың жекелеген түрлері кіреді.
- Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
МӘМС
- МӘМС жүйесінде «медициналық қызметтерді тұтынушы» (сақтандырылған) мәртебесі бар адамдарға қолжетімді.
- Консультациялық-диагностикалық көмекті, мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекті, жоспарлы стационарлық көмекті, медициналық оңалтуды, сондай-ақ жекелеген аурулар бойынша дәрілік қамтамасыз етуді қамтиды.
- Мемлекет, жұмыс берушілер мен азаматтардың аударымдары мен жарналары есебінен қаржыландырылады.